Құлыбаев мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтаратын болды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтармақ


28/06/2022
15:33 32129 0

Фото: Ашық дереккөздерден.

 

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев мұнай компаниясындағы үлесін мемлекетке қайтаратын болды. Бұл жөнінде «Reuters» ақпарат агенттігі хабарлады. 

 

Агенттік таратқан ақпаратта Тимур Құлыбаевтың Petrosun ЖШС мұнай компаниясындағы 49% үлесін мемлекет иелігіне қайтаратыны жөнінде айтылған.

 

Бұған дейін журналист Денис Кривошеев экс-президент күйеубаласы өзіне тиесілі компания акциясын мемлекетке 1 теңгеге сататынын мәлімдеген. 

 

Petrosun ЖШС-ның 51% акциясы Қытайдың SNPS компаниясына тиесілі. Қазіргі уақытта Қазақстанның жанар-жағармай көтерме сауда нарығының тең жартысы осы компанияға тиесілі. 

 

Айта кететін бір жайт, осыдан біраз уақыт бұрын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды өз иелігіндегі «Қазақтелеком» компаниясының 29% пайыз акциясын мемлекетке қайтарған. Ол наурыз айында «Қазақтелеком» қаржысын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды» деген айыппен қамауға алынған. 

Поделиться

Нет комментариев.

28/06/2022 15:33
32129 0

Уведомление